Май ауданының аумағында «Такси» жедел алдын алу шарасы өтті
Павлодар облысы Май ауданының аумағында полицейлер жүргізген «Такси» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 47 бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сонымен, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Tехникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін, сондай-ақ ақаулар немесе жағдайлар болған кезде көлік құралдарын басқару) бойынша сегіз такси жүргізушісіне айыппұл салынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі бойынша (Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 10 жүргізушіге айыппұл салынды. Көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша бес әкімшілік хаттама толтырылды. 14 автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Өзімен бірге жүргізуші куәлігі немесе уақытша куәлігі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша айыппұл салынды.
– Айта кету керек, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі бойынша (Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) бойынша үш жүргізушіге айыппұл салынды, олар автокөлікті техникалық байқаудан өткізуді ұмытып, адамдарды тасымалдау ісімен айналысуды жалғастыра берген, – деп хабарлады Май ауданының әкімшілік полиция инспекторлары.