Шымкентте жабайы сауда орындарына рейд жүргізілді
«Қырғы» базар маңындағы жабайы саудаға рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Критика Шымкент» парақшасында Шымкент қаласы Төлеби көшесінің бойында орналасқан «Қырғы» базар маңындағы абаттандырылған алаңдағы жасыл шөпті ретсіз сауда жасап отырған азаматтар таптап басты деген жазба жарияланған.
Осы жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті және аумақтық әкімшілік қызметкерлері бірлесе отырып рейдттік іс-шаралар жүргізді. Нақтырағы түсіндірме жұмыстары барысында, әкімшілік құқық бұзған бірнеше азаматтарға хаттама толытырып әкімшілік шара көрілді. Яғни Төлеби көшесінің бойында орналасқан «Қырғы» базар маңындағы жасыл екпені басып бүлдірген азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша жалпы 17 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.