Шымкентте жұмыс істеп тұрған нысандарға карантин талаптарын сақтауға байланысты мониторинг жүргізілуде
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №34, №35 Қаулысына сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаменті төрт аудан әкімдерінің және аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының өкілдерімен бірлесіп, қаладағы жұмыс істеп тұрған нысандарға карантин талаптарын сақтауға байланысты мониторинг жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елімізде карантин режимі енгізілгеннен бері Шымкент қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 513 құқық бұзушылық дерегі орын алған. Оның ішінде мобильді топ өкілдерімен анықталған 351 жайт.
Тексеріс кезінде қатаң карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, кейбір мекеме иелерінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысының талаптарын ескермей, бұрынғы қалыпты кестемен жұмыс жасап жатқандықтары анықталды. Атап айтсақ:
– Ресторан, кафе, клуб, компьютерлік ойынханалар мен букмекерлік кеңселер бойынша – 91;
– Шаштараз, массаж, монша, сауна, әсімдік салондар бойынша – 20;
– Сауда үйлері, базар, дүкендер бойынша – 142;
– басқа да қоғамдық жерлерде (саябақ, аллея) – 98-ді құрап отыр.
Бұдан бөлек 162 құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде, онымен қоса 52 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды.
Жинақталған барлық іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
Шымкент қаласында карантин талаптарын сақтамаған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлімімен 407 хаттама толтырылып, бүгінге дейін 27 миллион 2160 теңге көлемінде айыппұл салынды.