Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы жалғасуда

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 3 шілде – 30 қыркүйек аралығында “Мектепке жол” дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясын “Жүректен жүрекке!” ұранымен өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы акцияның мақсатын орындау барысында ШҚО Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан ШҚО ҚАЖД ОВ-156/21 мекемесінің қызметкерлері де шет қалған емес. Жыл сайын өтетін осы акцияға мекеме қызметкерлері белсене қатысады. Жаңғызтөбе кентінде тұратын көп балалы және аз қамтылған жеті бала тәрбиелеп отырған Қуаныш Сариевтар отбасын бірнеше жыл қатарынан мекеме қызметкерлері өз қамқорлығына алып, қайырымдылық көмек көрсетіп келеді.

Міне, осы жылы да “Мектепке жол” акциясы мақсатында мекеме бастығы Жақсылық Алтаев бастаған мекеме қызметкерлері қалыптасқан дәстүр бойынша көп балалы аз қамтылған Р.Сариевтардың отбасына барып, қызметкерлердің көмегімен жиналған мектеп жабдықтарын, киім-кешектерді табыстап, балаларға оқуда озат, келешектері жарқын болуына лебіздерін білдірді.

Әлемде  қайырымды жандар аз емес және біз де сіздердің осы акцияда шет қалмай қолдау көрсететіндеріңізге сенеміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру