Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі еккен Қызылорда облысының тұрғындары ұсталды

2020 жылдың 03 қырқүйек Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс шарасы барысында Қармақшы ауданы Төребай би ауылынан 50 шақырымдай жерде  404  түп  сора өсімдігін еккені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел тергеу тобының іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде Қызылорда қаласының  58 және 29 жастағы тұрғындары  ұсталды.

Оқиға орнын тексеру барысында 404 түп салмағы 70 келіге жуық  жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді еккендігі анықталды.

Қазіргі таңда күдіктілер Қармақшы АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру