Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция қызметкерлері қала тұрғындарына мыңнан аса бетперде таратты

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері халық жиі шоғырланатын орындарда және көлік жүргізушілеріне бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бастамаға Шымкент қаласы әкімдігі қолдау білдіріп қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ерікті жастары мен тәртіп сақшылары бірлесе кезекті рет игі шараны қолға алды.

Шара барысында тұрғындарға қауіпті індетпен күресу барысында санитарлық ережелерді ұстанып, сақтық шараларын қолға алу маңызды екендігі түсіндірілді. Полицейлер мен ерікті жастар арнайы белгісі бар бетперделерді шаһардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда таратты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілерін тоқтатып оларға да маска үлестірді. Бірлескен шара барасында жалпы саны 1 200 бетперде таратылды.

Ал осыған дейін Шымкент қаласы Полиция депаратаментінің қызметкерлері карантин режимінің жеңілдетілгеніне қарамастан сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып 3 500 бетперде таратқан болатын.

Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру