Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент: екі жоғалған жасөспірім аман-есен табылды

Шымкентте екі жоғалған жасөспірім аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің және көршісінің қызының жоғалып кеткендігі туралы арызданған.

Бастапқыда ата-аналар бүлдіршіндерді өздері іздеуге кіріскен. Дегенмен еш нәтиже шықпаған соң, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Ересектердің назарынан тыс қалған балалар белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №35 учаскелік полиция тірегінің учаскелік полиция инспекторы Мақсат Аманов және ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы Ардақ Омаров іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қос жасөспірімдерді аман-есен тауып аналарына қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру