Атырау полицейлері мұқтаж отбасыға көмектесті
Атырау облысының полицейлері Отбасы күні қарсаңында қайырымдылық шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мереке қарсаңында Атырау облысы Индер ауданының полиция қызметкерлері көп балалы жанұяның үйіне барып, балаларына сыйлықтар табыстады. Сұлтанғалиевтар отбасы жеті баланы тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы сегізінші сыныпқа барса, кіші қызы жеті айлық сәби. Бүгін оларды Индерлік полиция қызметкерлері Отбасы күнімен арнайы құттықтап, түрлі тәтті-дәмділер тарту етті.
Көп балалы ана полиция қызметкерлерін отбасы күнімен құттықтай отырып, алғысын бейнежазба арқылы жеткізді.