Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағына қарасты жалға берілетін пәтерлер бойынша рейд жүргізілді
9 қыркүйек Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағына қарасты Айбергенов және Жангелдин көшелері бойында орналасқан жалға берілетін пәтерлер бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының әкімшілік қызметкерлері және Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттк кірістер басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шара жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара барысында жалға пәтер беруші азаматтарға және жалға пәтер алған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жалға берілетін пәтерлердің құжаттарының заңдылығын тексеру мақсатында Әл-Фараби аудандық меемлекеттік кірістер барқармасына хат жолданды. Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілген 22 азаматтан қол-саусақ іздері алынып, төрт азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.