Қызметте де, өмірде де жұбы жазылмаған өнегелі жұп
Қызылорда қаласындағы қызметте де, өмірде де жұбы жазылмаған өнегелі жұп қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің Арнайы контингент арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы А.Тұрманов мекеменің беделді, үлгілі қызметкерлерінің бірі. Қиындығы мол, қылмыстық атқару саласында тергеу изоляторының тегеурінді ісіне төтеп беріп жүргендігі, жеткен жетістігі, отбасындағы баянды бақытынан екендігі анық.
Өмірлік серігі Ақмарал да осы мекеменің мемлекеттік құпияларды қорғау тобының инспекторы болып жұмыс жасайды. Екеуі – қос ұлдың ата-анасы.
– Ең бастысы, қос ұлымыз ата-әже мейіріміне бөленіп, еркелеп, еркін өсіп келеді. Атасы немерелеріне бата жаттатып, ғибратты әңгімелер айтып, дәстүрлі тәрбие беріп отырады.
Ардақ қызметіне адал, талапшыл, қатал болғанымен үйде балаларына қамқор әке, ата-анасына да құрметпен қарап жүреді. Жанұя жылулығы мен отбасы беріктігін сақтау үшін екеуміз де міндеттерімізді мүлтіксіз атқаруға тырысып келеміз. Демалыс күндері ағайын-туысқа барып, балаларымызбен серуендеп, отбасы шаттығына толы күндерімізді өткіземіз, –дейді мінезі жұмсақ, әрдайым сыпайы ғана күлімсіреп, жан-жағына нұрын шашып жүретін Ақмарал.
Қызмет те де,өмірде де жұптары жазылмаған бұл қос азаматтың жанұялық жарасымдылығы мен кіші мемлекетінің үлгілі отбасы болып танылуы, олардың адамгершіліктерін арттырып, абыройын асқақтатып келеді.