Таразда «Учаске» жедел алдын алу шарасы өтуде
Таразда көшелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Учаске» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі нұсқауына сәйкес, 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында Тараз қаласының Полиция басқармасы тұрмыстық, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Учаске» профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Екі күндік жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесі бойынша Тараз қаласының аумағында барлығы 318 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
– ҚР ӘҚБтК 73-б. (Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер);
– ҚР ӘҚБтК 204-бабы (Белгіленбеген орындарда сауда жасау);
– ҚР ӘҚБтК 434-бабы (Ұсақ бұзақылық);
– ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы (Жалпы пайдалану орындарын ластау);
– ҚР ӘҚБтК 440-бабы (Қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішу);
– ҚР ӘҚБтК 492-бабы (Қазақстан Республикасында тіркеусіз тұру).
Полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда және ол Тараз қалалық Полиция басқармасы басшылығының бақылауында тұр.