Қарағанды полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен елорда тұрғынын ұстады
Қарағанды полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен елорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қыркүйекте Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 26 жастағы кәсіпкер жүгінді. Ол, белгісіз адам тауарды жеткіземін деп 90 мың теңгені жымқырып, алдап кетті деп хабарлады.
Қаскүнем туралы жәбірленуші тапшы мәлімет берді: алаяқтың бойы орташа, 25-30 жаста. Қылмыскердің ізіне түсу үшін полицейлерге осы ақпарат жеткілікті болды.
12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қарағандылық полицейлер күдіктіні ұстады. 24 жастағы жігіт кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.