Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда «Mercedes» автокөлігін айдап кетті

Қарағандылық жедел уәкілдер бес сағат ішінде автокөлік айдап әкету фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қыркүйек күні сағат 19.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне Бұқар-Жырау даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің ауласынан белгісіз біреу «Mercedes» автокөлігін айдап әкеткені туралы хабарлама түсті. 34 жастағы жәбірленуішінің айтуынша, ол өз көлігін жарты сағатқа қараусыз тастап кеткенде, белгісіз біреулер айдап әкеткен.

Оқиға орынына келген криминалист мамандар бірнеше саусақ іздерін алды. Оларды тексеру барысында оның бұрын сотты болған 27 жастағы азаматқа тиесілі екені анықталды.

Арада бес сағат уақыт өткенде жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып ұсталды. Күдікті полиция қызметкерлеріне өзгенің көлігімен көше аралап келмекші болғанын айтқан.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру