Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз айналымнан бес бірлік атыс қаруы алынды

Қарағанды облысында 7 қыркүйек – 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел алдын алу-іс шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрсетілген уақытта учаскелік полиция инспекторлары аула және пәтерлерді аралап, халықпен танысуда. Сонымен бірге, олар әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол беретін адамдарды анықтап, ішкі істер органдарының есептерінде тұратын азаматтармен профилактикалық сұхбаттар жүргізеді.
Бүгінгі күнге облыс бойынша пәтер аралаумен халықтың 12 пайызы қамтылды. Ол көпқабатты үйлердің 40 мың пәтері және 13 мың жеке үй. Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайларында екі мыңнан тыс қару иелері тексерілді. Қарудың сақтау ережелерін бұзғаны үшін 42 бұзушылық анықталды. Ішкі істер органдарының есептерінде тұрған бес мыңнан астам адам тексеріліп, оларды құқыққа қарсы іс-қимылға жол бермеу туралы ескертті.

Сонымен бірге, полицейлер жалдамалы пәтерлерді және онда тұратын адамдарды тексеруде. Облыс бойынша жалға берілетін 100-ден астам пәтер анықталып, иелері туралы ақпаратты кәсіпкерлікпен айналысу заңдылығын тексеру үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жолдады.

Тұрғылықты мекенжайы жоқ 14 адам анықталды. Барлығының жеке тұлғасын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырды.

Рейдтік іс-шаралар барысында әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 54 жасөспірімдерді кәмелетке толмағандар істері жөнінде инспекторлары анықтады. Көбінесе, заңды өкілдерісіз түнгі уақытта қоғамдық және ойын-сауық орындарда жүргендер ұсталды.

Ауылдық жерлерде полиция қызметкерлерінің негізгі күштері қыстақтарда, шаруа және фермерлік қожалықтарда заңсыз адамдарды пайдалану, шетел азаматтарының болуы, тіркелмеген қаруды және тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін тексеруге салынған. Облыс бойынша 800-ден астам қыстақ, шаруа және фермерлік қожалықтар тексеріліп, заңсыз айналымнан бес бірлік атыс қаруы тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру