Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Біреудің атынан несиеге ұялы телефон алған қарағандылық ұсталды

Қарағандыда алаяқ бөтен адамның деректерін пайдаланып, несиеге 400 мың теңге тұратын ұялы телефонды сатып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қыркүйекте Қарағанды қаласы ПБ Орталық ПБ –не 26 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті.

Арызданушының сөзінен белгісіз біреу деректерін пайдалана отырып, 400 мың теңге тұратын ұялы телефонды несиеге алған.

“Ізін суытпай” полиция қызметкерлері күдіктіні, Қарағанды облысы Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің бұрын біреуді бопсалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру