Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлерге қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері тақырыбында дәріс өтті

Шымкент қаласы Полиция департаментінде қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері тақырыбында дәріс оқылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 2020 жылғы 24 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” халыққа жолдауына сәйкес, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары С.Ергешов адамдарды сатумен, еңбек және жыныстық құлдық бойынша кестені ұйымдастырумен байланысты қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері тақырыбында дәріс оқыды.

Адам саудасы – нәтижесінде адамның бірқатар негізгі басты құқықтары мен бас бостандығы бұзылатын қылмыстық іс-әрекет. 

“Адамдарды сату” нықтамасы (трафик) – еңбек және жыныстық эксплуатациялау мақсатында үгіттеу, шығару, кіргізу, сақтау қазіргі таңда, өкінішке орай, ең белең алған түрі.

Адам саудасы ұйымдасқан қылмыс, тұрақсыз көші-қон немесе жөзекшелікпен байланысты мәселе ретінде адам саудасына қарсы саясат бағытының мәселесі бойынша туындаған дауларда жетекші орын алды. Көп көңіл бөлінбейтін маңызды сәт – егер адам саудасының құрбаны айыптаудың куәгері болуға келіспесе, адам саудасы құрбандарын мойындау және  құқықтарын қорғау. Адам саудасы акті болған соң, құрбанның құқықтары мемлекет тарапынан бұзылуы жалғасады. Мысалы мемлекет жәбірленушілерді тұтқындап, жазалайды, оларды саудагерлердің қолына қайта депортациялайды және адам саудасымен айналысатын адамдардың тәркіленген қаражат есебінен өтемақы төлеуге шара қабылдамайды. Көптеген мемлекеттер  осылайша құрбандардың ревиктимизациясына жол береді.  

Қазақстан Республикасы дамуының заманауи кезеңі экономикалық, саяси және рухани негіздердің терең қалыптасу үдерістерімен сипатталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру