“Абайлаңыз, қалта ұрылары!”
Тараз қаласының полицейлері “Абайлаңыз, қалта ұрылары!” атты плакаттарды ілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалта ұрлықтары қаскөйлердің арасында жаппай және кең тараған ұрлықтың түрі, себебі қалта ұрлығы бірден қомақты және оңай табыс табу көзі болып табылады. Қалта ұрылары қазіргі заман жағдайларына бейімделіп алған, олар көбінесе айналадағы адамдардан ерекшеленбейтін бақуатты киінген, тартымды келбетті қыз балалар мен жасөспірімдер.
Бұл қылмыскерлерге өз құрбандарын адастыруға көмектеседі. Қоғамдық көлікте, дүкендер не болмаса адамдар көп жиналатын жерлерде сақтық пен қырағылық танытып, қалта ұрыларынан сақтануға болады.
Осы қылмыстың профилактикасы және халықты одан ескерту мақсатында Тараз қаласының 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Тараз қ.ПБ жол-патрульдік полициясы батальонымен бірлесіп, жанданған аялдамалар, қоғамдық көліктер мен супермаркеттерде, жылдам тамақтану желілерінде қалта ұрлығымен айналысатын не болмаса “Қалта ұрысы” санатымен есепте тұратын 68 адамның суреттері бейнеленген “Абайлаңыз, қалта ұрылары!” атты плакаттарды ілді.