Анықтау басқармасы биыл 470 қылмыстық істі жеделдетілген тәртіппен қарады
Шымкенттік анықтау басқармасы биыл 470 қылмыстық істі жеделдетілген тәртіппен қарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеделдетілген тәртіптегі тергеу тиімділігінің процессуалдық маңыздылығын ескере отырып, қылмыстық қудалау органдары сотқа дейінгі тергеу сатысындағы тәртіпті сақтай отырып, сол сатыда күдіктілерге (айыпталушыларға) тергеудің жеделдетілген түріне енгізілген құқықтарын және істі сотқа беру тәртіптері бойынша түсініктеме беріледі. Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру институты жазаны аз алу мүмкіндігінің кепілі болатындығын, ал жәбірленушілерге сот төрелігі құқықтарына қол жеткізу және келтірілген зиянның жедел өтелетіндігін түсіндіреді.
Құжат қылмыстық процестегі азаматтардың мүддесін оңтайландыру мәселелері бойынша ынтымақтастық механизимін және сапасын арттыра отырып, қысқартылған тәртіпте немесе келісім тәртібімен сотқа дейін іс жүргізудегі істер сапасын арттыруды, сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу тиімділігін қолданудағы әрекетін анықтайды.
Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру – істі тергеу барысында әуре-сарсанға созбалауға салмауға мумкіндік береді және сот төрелігіне атқару жеделдігін арттыруға, сондай-ақ істі сотта қараудын мерзімін қысқартады.
Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс жайты мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті мен оған қарасты аудандардың Полиция басқармаларымен сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп тексеру істері Анықтау саласы бойынша ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысына сәйкес былтырғы жылмен салыстырғанда 441 іс сотқа жолданса (меншікке қарсы қылмыстар, жеке адамға қарсы, іс жол көлігіне қарсы және т. б.), ал биылғы жылға 470 қылмыстық іс сотқа жолданған. Былтырғы жылмен салыстырғанда +29 іске артып отырғанын көруге болады.
Бұл сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп тексеру ісінің тергеудегі ерекшеліктерінің бірі – кеңінен пайдалану сот өндірісін онтайлап, тиімді және қол жетімді болуына бағытталған. Сондай-ақ тергеу барысында тергеу органдарының іс-шараларын жеделдетіп жүргізілу болып табылады.