Саяжайға ұрлыққа түскен ұрылар саусақ іздері арқылы анықталды
Қарағанды облысы Балқаш қаласының полицейлері саяжайдан ұрлық жасаған достарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қыркүйекте Балқаш қаласының полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны арызданды. Арызында, түнгі уақытта оның саяжайдағы үйіне біреу кіріп, 10 мың теңге, күміс білезікті және бес келі етті ұрлағанын көрсеткен. Шығын 30 мың теңгені құрады.
Оқиға орнында полицейлер саусақ іздерін тапқан. Олардың бірі бұрын ішкі істер органдарының есебінде тұрған 27 жастағы ер адам екендігі анықталды. Ізін суытпай криминалдық полициясы қызметкерлері күдіктіні ұстады. Полицейлердің назарына күдіктінің досы да түсті. Саяжайдағы ұрлыққа екеуі бірге барғаны анықталды.
Қазақстан Республикасының ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тергелуде.