Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйел жұмысқа орналасуға көмек беремін деп, уәдесінде тұрмады

Қызылордалық полицейлер алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйекте Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтық дерегі бойынша облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны арызданған.

Биыл тамыз айында белгісіз әйел оның сеніміне кіріп, алдау жолымен 250 мың теңге көлемінде ақшасын алғаны анықталды.

Жұмысқа орналасуға көмек беремін деп өз уәдесін орындамаған әйел қашып жүрген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол Қызылорда қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрігізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру