Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер бірнеше адамды алдаған алаяқты ұстады

Түркістан облысының полицейлері жұмысқа тұрғызамын деп бірнеше тұрғынды алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері Ресей Федерациясының Омск қаласындағы мекемелердің біріне жұмысқа кіргіземін деп алдау арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, ақша қаражаттарын қалтасына басқан алаяқты ұстады.

Алаяқ өзі алдаған төрт адамның әрқайсысынан банк аударымы арқылы 56 800 теңге көлеміндегі ақшаны алып, із-түссіз жоғалып кеткен.

Нәтижесінде алданғанын білген жәбірленушілер полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық)  бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда алаяқ қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оның басқа да құрбандарын іздестіруде.

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру