Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласының бас полицейі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жетілдіру бойынша тұрғындармен кездесулер ұйымдастыруда

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы  полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов Мемлекет Басшысының  Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді орындау мақсатында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолдауда ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және халықпен кері байланыс орнату мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов тұрғындармен кездесті.

Бұл жолы Ералы Мұсаәліұлы Еңбекші ауданына қарасты №34 және №35 учаскелік полиция пунктерінің инспекторларының жұмысымен танысты.

Аталған учаскелік полиция пунктерінің 2020 жылдың 9 айындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес бойынша атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады.

Жергілікті тұрғындар учаскелік полиция инспекторларының жұмысына байланысты  өз пікірлерін білдіріп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовке түрлі ұсыныстарын жеткізді.

Бұл бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да өткізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру