Шымкентте Полиция департаментінің дәрігерлеріне «Халық алғысы» медалі табысталды
Шымкент қаласының ПД «Емханасы бар госпиталінің» дәрігерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов Департамент емханасының 6 қызметкеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Халық алғысы» медалін табыстады.
«Коронавирус пандемиясына қарсы күрес жүргізуде полиция қызметкерлерімен қатар медицина саласының өкілдері белсенді жұмыс істеді. Сіздер жеке бастарыңызға төнген қауіпке қарамастан, өз мамандықтарыңыздың алдында адалдық таныттыңыздар. Жұмыстарыңызға асқан жауапкершілік танытуларыңыздың арқасында біз қауіпті дерттің таралуына бірлесе жол бермедік. Бүгін осы еселі еңбектеріңіз жоғары бағаланып отыр», – деді Ералы Мұсаәліұлы.
«Мен үшін күтпеген сый болды. Карантин бойы жұмыс істегеніміз рас. Шындығына келсек, ерлік жасадық деп айта алмаймын. Біз тек өз міндетімізді орындадық деп есептемейтін едік. Мен пандемиямен күреске атсалысқан барша жанға ризашылық білдіремін», – деді марапат иесі Гүлбахира Дәрібаева