Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер мал ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстады

Сайрам ауданында екі жылқыны ұрлап әкеткен үш күдікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданының Полиция басқармасына түнде белгісіз біреулердің ауласына кіріп, екі жылқысын ұрлап әкеткені туралы жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы 700 мың теңгені құрады.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір аптадан кейін Сайрам АПБ  қызметкерлері Шымкент қаласынан осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш азаматты ұстады.

Олардың бірі жәбірленушінің ұлы, ал қалған екеуі Шымкент қаласының  тұрғындары болып шықты. Күдіктілер мал ұрлығын пайдакүнемдік мақсатта жасағандарын мойындады.

Тергеу кезінде күдіктілердің үй ауласында байланған екі жылқыны ұрлағаны, содан кейін ұрланған малды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық)  бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын және күдіктілердің басқа да мал ұрлықтарына қатысы бар-жоғын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру