Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау жүйесін жаңартты

Ақтөбеде көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйесі жаңартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нәтижесінде автокөлік иелері жасаған құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтау мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.

2 қазаннан бастап іске қосылған жүйе тестілік режимде жұмыс істеп, алғашқы нәтижелерін берді.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысының ПД балансында 10 автоматты тіркеу жүйесі жұмыс істейді. Жүйелер қолданыстағы көлік ағындарын бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен (АСКТП) интеграцияланған.

Функционалдық мүмкіндіктерге жүргізілген талдауға сәйкес облыстың ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері ұрланған көлікті, айыппұл төлемегендерді, мемлекеттік борышкерлер мен алимент төлеуден жалтарған адамдарды, жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарды іздеу үшін құқық қорғау және арнайы органдардың  өзге де автоматтандырылған есептерін  пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатты.

«Осыған байланысты «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешеніне ұқсас жүйені пайдалану үшін қосымша қаражатсыз осы жүйені жаңғырту жүргізілуде. Басқаша айтқанда, бұл жүйені модернизациялаудың тиімділігін «Автоураган»  кешенінің 10 данасын сатып алумен салыстыруға болады. 2 қазаннан бастап жұмыс тестілік режимде жүргізілуде және алғашқы нәтижелер де бар. Мәселен, 3 жұмыс күні ішінде камералар тіркеген жол-қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеу қажеттігі туралы 49 ұйғарым берілді, 6 автокөлік жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың автокөлікті басқарғаны үшін айыппұл тұрағына қамалды», – дейді ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Кәрім Махутов.

Мысал келтіретін болсақ,  құқық бұзушылықтарды анықтау алгоритмі төмендегідей жүргізіледі. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері жаңартылған жүйеге іздестіру есебін енгізуді  жүзеге асырады, сондай-ақ экипажды тіркеу жүйесі орнатылған қиылыстардың біріне қояды. Одан кейін автоматтандырылған жұмыс орнының қызметкері патрульдік полиция экипажына жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік иесі туралы хабарлайды. Патрульдік полиция батальоны экипажы сол автокөлік иесін дереу тоқтатады.

Полиция бұл жаңғырту әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу деңгейін және жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралдарын басқарушыларының жолын кесу деңгейін айтарлықтай арттырады, сондай-ақ жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін реттеуге және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді деп санайды.

Қолданыстағы жүйені жаңғырту Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінің бастамасы бойынша қосымша қаражатсыз (техникалық қызмет көрсету шеңберінде) жүзеге асырылды, бұдан басқа, бұл жаңғырту міндетті болып табылады, өйткені жүйенің функционалдық мүмкіндіктері осы жобаны тұрақты пайдалануға енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Мираж» және «Интегра» жүйелері бола отырып, тек Ақтөбе облысының ПД жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін 100% режимде орындайды (яғни, «Мираж» және «Интегра» жүйелері орнатылған басқа облыстарда оны жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау үшін, сондай-ақ бақылау аймақтары арқылы көлік құралдарының өтуін тексеру үшін ғана пайдаланады).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру