Мақат ауданының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жас анаға көмектесті
Мақат ауданының полицейлері 21 жастағы азаматшаға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қазан күні Мақат ауданының полиция бөліміне Мақат кентінің 21 жастағы тұрғыны өзінің заңды некедегі күйеуінің ұрып-соғып, үйінен қуып жіберіп, бір жастан жаңа асқан сәбиін бермей қойғаны туралы арызданған.
Полицейлер арызданушының мекенжайына барып, оның 43 жастағы жолдасына қатысты құжаттар толтырды.
Сәбиі мен құжаттарын қолына алған келіншекті полиция инспекторлары ШҚО Өскемен қаласында тұратын ата-анасына шығарып салды.