Ақтөбеде ауыл тұрғынынан марихуана алынды
Ақтөбелік полицейлер Мәртөк ауданының тұрғынынан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қазанда Ақтөбе облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасының барысында Мәртөк ауданы Аққайың ауылының 50 жастағы тұрғынының ауласынан құрамында есірткі бар 10 түп өсімдік, сондай-ақ салмағы 2 кг. 300 гр. «марихуана» есірткі затын тәркіледі.
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен заңсыз жұмыс істеу) дерегі және ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Облыс көлемінде жыл басынан бері заңсыз айналымнан жалпы салмағы 500 кг есірткі алынды.