Қызылорда облысы ПД бастығының бірінші орынбасары бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингке қатысты
20 қазанда Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Амитов Шамшидин Егенбердіұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Брифинг барысында Шамшидин Егенбердіұлы облыс полицейлерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстары, сондай-ақ облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Учаске», «Браконьер», «Қауіпсіз қала» сияқты жедел – алдын алу іс-шараларының нәтижелері туралы баяндады.
Оның айтуынша, биылғы жылдың 9 айында тіркелген қылмыстар саны 36 пайызға (4549-дан 2848-ке) төмендеген.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда (-40,1%), көшелерде (-30,7%), топпен (-36%), мас күйінде (-17,5%), кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар (-35,8%) азайған.
Полиция полковнигі бұдан басқа облыс тұрғындары тарапынан жол берілген жол қозғалысы ережелерін бұзу, сонымен қатар карантин талаптарын сақтамау сияқты өзекті мәселелерге тоқталды.