Теміртаулық полицейлер металл ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстады
Теміртау қаласының полицейлері металл ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қазан күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері қызмет атқару барысында қаладағы мекемелердің бірінің бақылау-өткізу пунктінен шығып келе жатқан жүк көлігін тоқтатқан.
Көлікте жүргізушіден басқа cол мекеменің тағы бір қызметкері болған. Көлікті тексеру барысында көліктің жүк салғышынан кранның қосалқы бөлшегі табылған.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісі мен мекеме қызметкерінің аталған мекемеден кранның 5 дана бөлшегін алып шығып, төртеуін темір қабылдайтын жерге өткізіп кеткенін анықтады.
Мекемеге келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.