Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тұрғын үйден телефон мен шай ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағанды полицейлері пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазан күні Бұқар жырау аудандық Полиция басқармасына қарасты Ғ.Мұстафин атындағы кенттің полиция бөліміне 55 жастағы азаматша хабарласып, түнгі уақытта белгісіз біреудің оның үйіне кіріп, балаларының жатын бөлмесінен ұялы телефон,  ас бөлмесінен 1 қорап пакеттелген шай ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құраған.

21 қазан күні жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу  барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен  Қарағанды қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп алынды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру