Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан тіркелмеген аңшы мылтығы алынды

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Қызылорда облысы Сырдария ауданының тұрғынынан 16 калибрлі тіркелмеген аңшы мылтығы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда Тереңөзек кентінің орталық көшелерінің бірінде аудан тұрғыны абаттандыру ережелерін бұзып, үйінің алдына қоқыс жинаған.

Аталған құқық бұзушылықты анықтау кезінде  тәртіп бұзушыдан қару табылып, тәркіленді.

Алынған мылтық зауыттық тәсілмен дайындалған, ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты. 

Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру)  және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру