Бірнеше алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті қамауға алынды
Шымкентте бірнеше алаяқтыққа күдікті ретінде 26 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 23 қазанында Абай АПБ қызметкерлері жедел іс-шара жүргізу барысында қала тұрғындарының сеніміне кіріп, ақшаларын бірнеше есеге көбейтіп беремін деп, алаяқтық жолмен ақшаларын алып, артынша хабарсыз кеткен азаматтың жеке басын анықтап, полицияға жеткізді.
Ол 1994 жылы туған жергілікті тұрғын. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеудің нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.