Қызылордалық полицейлер жоғалған қала тұрғынын тапты
Қызылордада із-түссіз жоғалған 42 жастағы азамат табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қазанда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 41 жастағы қала тұрғыны өзінің күйеуінің белгісіз бағытта кетіп қалып, үйіне әлі күнге дейін қайта оралмағаны туралы хабарлаған.
Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.
Тоғыз күн бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған адам бүгін аман-есен табылды. 42 жастағы азамат туыстарымен табысты. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.