Алаяқ алдын-ала төлемақы ретінде тұрғынның 5 миллион теңгесін алып кеткен
Шымкенттік алаяқ тұрғынды алдап, бес миллион теңгені алып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, өз арызында ағымдағы жылдың 13 қазанында Қ. есімді азаматша құны 20 миллион теңгені құрайтын үйін сатамын деп, алдын-ала төлемақы ретінде алаяқтық жолмен бес миллион теңге ақшасын алғанын көрсеткен.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркелді.
Жедел әрекет ету нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді.
Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азаматша бұрын соңды аталған үйді өз атына алаяқтық жолмен рәсімдеп алғаны анықталды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.