Қызылордада алаяқ әйел ұсталды
Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылының тұрғыны зейнеткер Әтіркүл Тасхожаева өзін алдап кеткен алаяқты тапқан аудандық полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зейнеткер 2020 жылдың қазан айында 2019 жылдың тамызында Түркістан қаласына келіні мен немересін оқуға түсіріп беремін деген сылтаумен 620 000 теңге ақшасын алып, қайтармай жүрген танысына шара қабылдау туралы полицияға арызданған.
Аудандық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша анықталып, ұсталды. Ол Түркістан облысының Кентау қаласының тұрғыны екені белгілі болды.
Келтірілген шығын зейнеткерге толығымен қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.