Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер көп балалы аналарға көмектесті

Шымкенттік полицейлер көп балалы аналарға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының анықтау бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Бозарық елдімекенінде тұратын көп балалы аналарға азық-түлік өнімдері мен тұрмысқа қажетті заттар жеткізілді. Көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беру - қоғамның барлық мүшесіне ортақ парыз. Осы мақсат аясында қайырымдылық жасауға ниет еткен полиция қызметкерлері көп балалы жанұяларды аралап, хәл-ақуалдарын сұрап, сауапты іске ұйытқы болды.

- Қайырымдылық - қазақтың қанында бар қасиет. Сауапты істі қолға алу арқылы көңілдері жабырқау жанұяларға кішкентай болсын жылулық сыйлай алсақ қуаныштымыз. Алдағы уақытта ұжыммен бірге осындай шараларды үнемі ұйымдастырып отыруды әдетке айналдырмақпыз, - дейді Қаратау ауданының Полиция басқармасы анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Жұмабай Күнназаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру