Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 114 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан көші-қон қызметімен 114 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеделділік, байланыссыз, кез-келген қолайлы уақытта өтінім жолдау мүмкіндігі – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы көрсетілетін 15 түрлі мемлекеттік қызметтің 11-ін электронды форматта алуға болатынын естеріңізге салады.

Міндетті шарт: egov.kz порталына тіркелген қолданушы болу, электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу.

– Халыққа сапалы әрі уақтылы мемлекеттік қызмет көрсету – көші-қон қызметі жұмысының басымды бағыты, – деп атап өтті СҚО ПД КҚҚБ бастығы Талғат Әбілов. – Электронды форматта жұмыс істеудің бірнеше артықшылықтары бар: жемқорлық фактілеріне жол бермейді, құжат алу рәсімін жеңілдетеді, бастысы, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Әрине, облыстың барлық тұрғындарының, түрлі себептермен, интернетте жылдам жұмыс істейтін мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан әр аудандық полиция бөлімінде электронды форматта мемлекеттік қызмет алу желісі бойынша кеңес беруге және практикалық көмек көрсетуге дайын жауапты полиция қызметкерлері бар.Тәжірибе көрсеткендей, шетел азаматтары салық органдарына «ҚР уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қалыптастыру» сияқты мемлекеттік қызмет түрін алуға жиі жүгінеді. Бұл ретте, мемлекеттік қызметтің аталған түрін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, электронды форматта жылдам алуға болатынын көбі біле бермейді.

Полиция подполковнигі Талғат Әбіловтің айтуынша, СҚО-да жыл басынан көші-қон қызметі қызметкерлерімен электронды форматта 114 302 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл жалпы көрсетілген мемқызметтің жалпы санының 95% құрайды.

«ҚР азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру» – 55%, сондай-ақ, «ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» – 33,6% сияқты мемлекеттік қызметтер жиі пайдаланылады.

– Солтүстікқазақстандықтар мен облыс қонақтары мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасына: 8-(7152) 34-00-30, 34-00-50, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментіне: 8-(7152) 36-01-62, Call-орталыққа: 1414 жүгіне алады, – дейді Талғат Әбілов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру