Сауда үйінен құлаққап ұрлаған ұры ұсталды
Полиция қызметкерлері дүкеннің витринасынан құлаққаптарды ұрлаған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 жастағы елорда тұрғыны “Технодом” сауда үйінен шамамен 100 мың теңге тұратын “Huawei” маркалы құлаққапты ұрлап кеткен.
Ол ұрлық жасағаннан кейін дүкеннен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Күдікті жасаған іс-әрекетін мойындады. Ұрланған құлаққаптар тәркіленіп, дүкенге қайтарылды. ҚР ҚК 188-бабы бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Ұсталған азаматтың осы секілді қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.