Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Қауіпсіз жол» іс-шарасының бір күнінде 824 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте «Қауіпсіз жол» іс-шарасының бір күнінде 824 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 2020 жылдың 18-20 қараша күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін және жаяу жүргіншілердің жолда жүру тәртібін арттыру, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының, жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мен болдырмау, сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күндік нәтижесінде 824 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде :

– ҚР ӘҚБтК-нің 572-бабы (Жүргізушілердің еңбек және демалу режимін бұзуы) – екі жайт;

– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Заңсыз қайта жабдықтау) – сегіз;

– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (Рейс алдындағы міндетті тех. және медициналық байқаудан өтпеу) – екі;

– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (КҚ міндетті техникалық байқаудан өтпеу) – 38;

– ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) – 83;

– ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі (Қауіпсіздік белдігін пайдаланбау) – 69;

– ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр ережесін бұзу) – 23;

– ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Қозғалыстың қарсы жолағына шығу) – екі;

– ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кету) – 16;

– ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) – 15;

– ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы (Авариялық жағдай туындату) – бір;

– ҚР ӘҚБтК-нің 607-бабы (Теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу) – сегіз;

– ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Көлік құралын мас күйде басқару) – екі;

– ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) – төрт;

– ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргіншінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы) – 96 және өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру