Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерін балағаттаған бойжеткен жауапқа тартылды

Полиция қызметкерін балағаттаған 20 жастағы қыз жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған факт әлеуметтік желілерді зерделеу барысында анықталды. 

«Instagram» желісін пайдаланушы қыз өзінің ұялы телефонына тәртіп сақшыларын түсіріп, оларды көпшілік алдында балағаттаған.

Аталған факт Бірыңғай сот алды тергеу реестріне ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-тармағы бойынша тіркелді. Бейнеролик авторы 2000 жылы туған қыз бала екендігі анықталды. Тергеу барысында ол, өзінің достарымен көлік ішінде спирттік ішімдік ішіп отырғандығын және достарының біреуі оның көлігін ішімдік ішіп алып жүргізгені үшін полиция қызметкерлеріне ұстағанын алға тартты.

Полицияның бұл әрекетін жақтыра қоймаған К.есімді бойжеткен ұялы телефон камерасына түсіре бастайды. Түсіру барысында оларды балағаттап, бейне жазбаны әлеуметтік желіде таратқан. Қазіргі таңда, тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру