Карантин режиміне қатысты 900-ден аса құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте карантин режиміне қатысты 900-ден аса құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерімен және арнайы құрылған мобильді топпен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 910 құқық бұзушылық анықталды.
– Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 179;
– Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 46;
– Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 125;
– Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 260;
– Демалыс аймағы – екі;
– Басқа да орындарда – 296;
Онымен қоса 213 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды.
Барлық іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.