Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдады
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов бірыңғай қабылдау күні аясында азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтарды бірыңғай қабылдауды Министрлік және аумақтық Полиция департаменттері басшылығы жүзеге асырды.
26 қарашада «ZOOM» интернет платформасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов азаматтарды қабылдады.
– Іс-шара халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықтың полицияға деген сенім деңгейін жоғарылату мақсатында өткізілуде – деді Ержан Саденов.
Азаматтар Департамент бастығына онлайн форматта шағымдары мен өтініштерін және ұсыныстарын айтты.
Көбінесе азаматтарды қылмыстық істердің тергелуі, жол қозғалысын ұйымдастыру және басқа да мәселелер қызықтырды.
Қосымша зерделеуді талап ететін істерді Департамент басшысы жеке бақылауына алды. Е.Саденов бағынысты бөліністердің басшыларына әрбір өтініш пен шағымды тудырған мән-жайларды мұқият қарап, тексеруді тапсырды.
Азаматтар полиция қызметкерлеріне алғыстарын да жиі білдіріп жатады және жеке өтініштері бойынша да жүгінеді.
Онлайн қабылдауға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, публицист Бақыт Рүстемов қатысты. Бұған оның жаңа кітап жазуы себеп болды. Жазушы елорда аумағында жасалған өткен жылдардағы криминалдық оқиғаларға қызығушылық танытты.
Ведомство басшысы бағынысты қызметкерлеріне мұрағаттық материалдарды зерделеп, жазушыға кітап жазу үшін қажетті ақпаратты жинақтауға көмек көрсетуді тапсырды.
Жыл басынан бастап Департамент бастығы 150 азаматты қабылдап, олардың проблемалық сұрақтарын шешу бойынша шешімдер қабылдады.