Әмиян ұрлаған әйел өз қылмысын мойындады
Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел адам тағы ұрлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленуші ұрлық фактісі бойынша полицияға жүгінген. Әйел адамның айтуы бойынша, ол дүкенде тауарларды іздеп жатқанда өзінің заттары жатқан сатушы сөресінде тұрған сөмкесінен ішінде 70 мың теңге ақшасы бар әмиянын ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 жастағы әйел адамды ұстады, ол мойындау айғағын берді.
Жауап алу барысында ол киімдер бөлімінде болып, әйел адамның тауар іздеп жүргенін және өз сөмкесін қараусыз қалдырып кеткенін байқағанын, сол сәтті пайдаланып, оның сөмкесінен әмиянын алып, дүкеннен кетіп қалғанын айтқан.
Ұрланған ақшаны әйел адам ұсталғанға дейін жұмсап үлгерген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.