Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жігіттер бұзақылық әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан қаласында жігіттер бұзақылық әрекет жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шамамен сағат 05.00 Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЖБО бейнебақылау камераларының объективіне жігіттердің бұзақылық әрекеттері түсіп қалған.

Бейнетаспада Молдағұлова көшесінде тұрған қоқыс жәшігін үш жігіттің теуіп тұрғаны және үшеуінің біреуінің сол қоқыс жәшігіне дәрет сындырғаны байқалған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, барлық мән-жайларды анықтау үшін жігіттерді Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы ПБ-на жеткізді.

Тексеру барысында олардың жастары 23- 24 екені, алкогольдік масаң күйде болғаны және үйлеріне қайтып бара жатқандары анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, сонымен қатар, екеуі ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жазаланды.

Жинақталған материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды.

Елордалық полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін анықтау мен жолын кесуге ерекше назар аударады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру