Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының үздік ҚАЖ қызметкерлері марапатталды

Тұңғыш Президент күнінде Ақтөбе облысының үздік ҚАЖ қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мереке. Атаулы күнді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті де салтанатты түрде атап өтті.

– Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің алдына қойған тапсырмаларды орындап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде Сіздердің қосып жатқан үлестеріңіз мол. Алдағы күндері де қызметтеріңізді осындай жауапкершілікпен және кәсіби шеберлікпен орындайтындарыңызға сенемін, – дей келе, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев, жеке құрамды және оған қарасты мекеме қызметкерлерін атаулы күнмен құттықтап, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінің аға бақылаушысы Орынбасар Есеновке ҚР ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың атынан алғыс жарияланса, КА-168/1 мекемесінің мемлекеттік құпияларды қорғау тобының инспекторы Гүлназ Ниязова ҚАЖ комитетінің төрағасы Ж.Ешмағамбетовтың алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру