Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Департамент басшылығының аудандарға іссапары жалғасуда

Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының аудандарға қызметтік іссапары жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 желтоқсан күні Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов Қармақшы ауданына барды.

Іссапар барысында Шамшидин Егенбердіұлы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, жедел кеңес өткізді. Кеңесте аудандық полиция бөлімінің 2020 жылдың 11 айындағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары мен жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты сақтаудың жай-күйі талқыланды.

Сонымен қатар Шамшидин Егенбердіұлы аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Олардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдаған ол проблемалық мәселелерді шешу туралы шешімдер қабылдады.

Бұдан басқа басшылық тарапынан 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау науқаны барысында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша дайындық жұмыстары пысықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру