Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік ұрлаған адам ұсталды

Елордалық полицейлер автокөлік ұрлаған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері құны 1 млн 300 мың теңге тұратын «Volkswagen Passat» автокөлігін заңсыз айдап әкеткен адамды ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автокөліктің иесіз қалғанын байқап, айдап әкеткені анықталды. Көлігінің жоғалғанын білген автокөлік иесі бірден полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті автокөлікті айдап әкеткеннен кейін бірнеше сағаттан соң ұсталған.

Полицияға жеткізілген азамат қылмысын мойындады. Автокөлік иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті автокөлік иелеріне машиналарын қыздырып қойып, қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру