Екі нашақор ұсталды
Петропавлда ұландық жауынгерлер екі нашақорды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жуырда Ұлттық ұлан №6637 әскери бөлімінің әскери жасағы қызмет атқару барысында есірткісі бар екі азаматты ұстады.
Патрульдеу кезінде ұландықтар өздерін оғаштау ұстаған жас жігіттерді байқаған. Олар тәртіп сақшыларын көре салысымен қаша жөнелген.
Әскери жасақ бастығы Әділхан Болатовтың талаптарына құлақ аспаған әлгі екеуді ұландықтар арттарынан қуып, нәтижесінде бірі қолға түсіп, екіншісі жасырынып үлгереді.
Оқиға орнына әскери жасақтар бойынша кезекші көмекке келіп, кинолог Рауан Жұмаділовпен бірге «Лев» қызметтік итін қолдану арқылы қашқынның ізіне түседі.
Сәлден кейін «Левтың» көмегімен күдікті аулалардың арасында жасырынып отырған жерінен табылды.
Әрі қарай оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, күдіктілердің бірінде есірткі бар екені анықталды.