Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер династиясы елге қызмет етеді

Қызылорда облысында бір отбасының үш мүшесі ішкі істер органдарында қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер династиясы – Отанға қызмет ету дәстүрін жалғастырушы отбасылар. Бұл отбасылар – әрқашан әулеттің абыройы мен жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі ата-бабаларының өмірлік ұстанымдарын жадында берік сақтаған және осы құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеген отбасылар.

Осындай отбасылардың бірінде өскен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Қуандық Түгелбай туралы айтып өтпекпіз. Жуырда Қуандық мінсіз қызметі үшін және республикалық «Парасатты полицей» байқауына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Қуандық бала кезінен бастап әкесі Аралбектың нысанды киіміне қызығып өскен.

– Мен әкемді мақтан тұтамын. Полиция – бұл өте қиын және күрделі мамандық, өйткені олар үнемі өз өмірлерін өзгелер үшін тәуекелге тігеді. Әкем әрдайым жұмыста болатын, оны отбасылық дастархан басынан жиі көре бермейсің, – деді Қуандық.

Қуандықтың әкесі Аралбек Пірімбетов Қазалы ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторы болып қызмет етеді. Ол  «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған, «Жылдың үздік сақшысы» атағына ие.

– Біздің отбасымыз тату. Жұмыстың қиындығы мен қауіптілігі біздің отбасымыздағы қарым-қатынасымызға теріс әсер етпейді. Керісінше, қызмет бізді жақындастырады. Талқылау үшін әрқашан ортақ тақырып бар, – деді  Аралбек Пірімбетов.

Қуандықтың әпкесі Абима Пірімбетова да әке жолын қуып, тергеу бөлімшесінің тергеушісі қызметін атқарады.

– Мен өз отбасымды үлгі тұтамын. Әкем мен анам бізге жақсы тәрбие берумен қатар, қызметте адал болуға үйретті, – дейді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру