Мас жүргізушіге хаттама толтырылды
Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізуде. Кезекті шара барысында 3 қаңтар күні сағат 01:05 шамасында Еңбекші ауданы Жібек жолы көшесінің бойында «Hyundai Tucson», «Zaz», «Toyota HiАce» автокөліктері соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алғаны анықталған. Аталған мекен-жайға Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері дер кезінде жетіп, соқтығысқан үш автокөлік жүргізушілерінің бірі масаң халде болғанын анықтады. Яғни жол көлік оқиғасына жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішіп, көлік тізгіндегені себеп болған.
Аталған жайт бойынша «Hyundai Tucson» көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-тармағымен хаттама толтырылды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды белсенді атқарып келеді.